«Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы алаң
03.08.2026
«Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Күншуақ» жазғы мектеп жанындағы алаң өз жұмысын жалғастыруда.
Жазғы алаң – балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер, жаңа достар және қызықты қарым-қатынас сыйлайтын ерекше орта. Оның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау.
Бүгін таңертең сергіту жаттығуын жасап, күш-қуат пен сергектікке бөлендік. Балалар түрлі ойындарға, байқауларға, спорттық және танымдық іс-шараларға қатысып, сурет салып, жарқын әсер мен жағымды эмоцияларға кенелді.
Маусым жетекшісі: Садвакасова С. М.
Просмотров: 1194