«X-Robo» робототехника үйірмесі

03.08.2026

28 шілдеден бастап Бастау ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде X-Robo робототехника үйірмесі өз жұмысын бастады!

Сабақ барысында робототехника негіздерін меңгерген оқушылар білімдері мен тәжірибелерін одан әрі жетілдіруде. Жас өнертапқыштар әртүрлі робот үлгілеріндегі моторлардың жұмысын зерттеп, тісті доңғалақтар, осьтер, арқалықтар мен дөңгелектерді пайдалана отырып күрделі әрі қызықты конструкциялар құрастыруды үйренуде.

Үзіліс кезінде оқушылар «Монополия» және UNO ойындарын қызығушылықпен ойнап, сыни ойлау қабілеттерін, логикалық ойлауын, шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.

Әрбір сабақ – жаңа білім, қызықты тәжірибе және инженерлік ойлауды дамытуға жасалған тағы бір қадам! 🤖⚙️ Үйірме жетекшісі Калиева А.Ж.

Просмотров: 1175


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу