Емтихан
26.05.2026
2026 жылғы 26 мамырда 6-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен аралық емтихан тапсырады. Емтиханның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, тілдік дағдыларын дамыту және білім сапасын арттыру. Емтихан барысында оқушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым бойынша өз білімдерін көрсетеді.
Емтихан оқушылар үшін маңызды әрі жауапты кезең болып табылады. Осындай сынақтар оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, олардың өзіне деген сенімділігін және оқуға жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары – Пшенова Лязат Акановна.
Просмотров: 2581