Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы
22.04.2026
Ұлттық кітап күніне арналған «Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы» атты онкүндік аясында 3-сынып оқушыларымен «Қазіргі қазақстандық балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар заманауи авторлардың шығармашылығымен танысып, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы білді, сондай-ақ өздерінің сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері жайлы ой бөлісті.
Әңгіме жылы әрі белсенді атмосферада өтті, оқушылар қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысты.
Просмотров: 3305